Мәриям Хакімжанова
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Мариям Хакимжанова | Просмотров: 9735 | автор: akimaltyn | 6-04-2010, 18:21 | Комментариев ( 2 ) | Печать
Қазақ әдебиеті ауыр қазаға душар болды

М1241;риям Хакімжанова7 ақпанда жасы 89-ға қараған шағында үзаққа созылған науқастан көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова дүние салды.

М. Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облы-сының қазіргі Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ» ауылын-да туған. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика инсти-тутының жанындагы рабфакта оқыды, «Әйел тендігі» (қазіргі «Қазақстан эйелдері») журналында қызметкер, жауапты хат-шы болды. 1934 жылы отбасының жагдайымен Орынбор об-лысына кешіп барып, біраз жыл сондағы аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жүмыс істеген.

М. Хакімжанова 1938-44 жылдар -аралығында Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындары секциясын басқарды. Кейінгі жылдарда Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, Республикалық кітап палатасында аға редактор, «Жаңа өмір» журналында әдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор міндеттерін атқарды.

М. Хакімжанова 1934 жылы өткен КСРО Жазушылар одағының бірінші съезіне қатысқан. Келесі жылы оның «Жеңешемнің елеңдері» атты түңғыш жыр жинағы жарық көрді, ақын өлевдері сыршылдығымен, шынайылығымен оқырман қауым назарын аударды.

Соғыс жылдары жазылып, Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін шабытты жырға қосқан «Мэншүк» поэмасы ақын шығармашылығында үлкен бір бе­лес болды. Ақын ғүмыр бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы — анапық сезімді жырлап етті. «Ана махаббаты» (1953), «Ана жүрегі» (1958), «Бөбегім менің — өлеңім менің» (1959), «Ана мейірімі» (1961), «Ана көктемі» (1963) және басқа жинақтарында лирикалық кейіпкердің естен кетпес әсерлі бейнесі жасалған.

М. Хакімжанова фольклор туындыларын жинау, ақын, жыр-шы, жыраулар шығармашылығын көпке таныту ісіне үлкең үлес қосты. Қайталанбас дарын иесі Мүрын жырауды ел ішінен тауып, танып, соғыс кезінде Алматыға алдырғандардың бірі — Мәриям Хакімжанова. Ақын жыраудың аузынан «Қырымның қырық батыры» цйклының негізгі дастандарын жазып алып, халықтың игілігіне айналдырды.

М. Хакімжанованы барша жүртшылық айрықша қүрмет түтатын, ел анасындай ардақтайтын. Ақын әдебиетші қыз-келіншектердің бірнеше буынына ақылшы, үстаз болды, та-лайлар оның жан жылуын сезінді, риясыз көмегін көрді.

Ақынға «Қазақстанның халық жазушысы» қүрметті атағы берілген, орден, медальдарға ие болған.

Тамаша ақын, дарқан жүректі ана, аса аяулы жан Мәриям апамыздың үмытылмас бейнесі халық жадында әрқашанда сақталады.

Н. Ә. Назарбаев, Ә. Кекілбаев, Е. М. Асанбаев, Ә. М. Қажы-гелдин, Қ. Султанов, А. С. Есімов, Н. Ә. Әбіқаев, С. Ж. Әбішев, М. М. Тәжин, Т. Әбдіков, Б. М. Түрсынбаев, Ж. Қосабаев, Ш. Қүлмаханов, А. Сөрсенбаев, Т. А. Мамашев, Ә. С. Көпішев, С. Ш. Оразалинов, К. Ә. Сағадиев, А. Қ. Жағанова, С. С. Әшляев, Қ. Найманбаев, Т. Әбдірахманова, Д. Әбілев, Ә. Әбішев, С. Адамбеков, М. Айтхожина, М. Әлімбаев, Ғ. Ах-метов, К. Ахметова, Г. К. Бельгер, X. Ерғалиев, А. Жақсыбаев, С. Жүнісов, М. Д. Зверев, Д. Исабеков, С. Ж. Исмағүлов, 3. Қабдолов, Ғ. Қабышев, Қ. Қайсенов, М. Қаратаев, Б. Қой-шыбаев, С. С. Қирабаев, М. Мағауин, С. Машақов, Т. Мол-дағалиев, Қ. Мырзалиев, Ш. Мүртаза, Қ. Мүхамеджанов, Р. Нүрғалиев, Ә. К. Нүрпейісов, Ә. Нүршайықов, Н. Ораза-лин, Қ. Салғарин, 3. Сәмәди, Қ. Сәрсекеев, Ә. Сәрсенбаев, М. Д. Симашко, Д. Ф. Снегин, О. О. Сүлейменов, Ә. Тәжібаев, P. М. Тамарина, Ә. Тарази, Ф. Оңғарсынова, С. Шаймерде-нов, Қ. Шаңғытбаев, И. П. Щеголихин.






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Ертегі қала
  • Қымбатты аудан тұрғындары!
  • «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын орын ...
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Жыр жүректер соғуын тоқтатпайды

  • #1 написал: дильназ
    цитировать         11 февраля 2014 21:31    



    Группа: Гости
    Регистрация: --
    Керемет омірбаяны Маган нады! Осынын аркасында сабактан 5 алатын болдым!


    #2 написал: инжу
    цитировать         3 апреля 2014 17:07    



    Группа: Гости
    Регистрация: --

    мен мариям хакімжвнова мектебінде оимын енді мір баяны біліп ерте 5 аламын




    Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!