Бауырымыз еді
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Мариям Хакимжанова | Просмотров: 6192 | автор: akimaltyn | 7-04-2010, 19:08 | Комментариев ( 0 ) | Печать
Мәриям aпa Хакімжанова пәниден бақиға аттанды деген-де, бүкіл Қостанай даласы күрсінді. Ол туған жерінің ерекше мақтанышы еді. Қазақ қыздарының ішінде суырылып алға шыққан Шығыс жүлдызындай еді. Оның өлең-жырларын қар-шадай баладан еңкейген кәріге дейін қадірлейтін. Қазақстан халық жазушысы атанған апамыздың туған өлкесі Қостанайға соңғы рет келуі де жүртшылықтың есінде сақталыпты. Ол Ыбы-рай Алтынсарин бабаның Қостанайда өткен 150 жылдық торқалы тойына қатысқан. Өзінің үлы үстазға арнаған жүрекжарды өлеңін ала келген. Қазақ халқының үлы ағартушысы Алтынсарин мен Мәриям апаның тек рухани жақындығы ғана емес, туыстық жөні де бар еді. Асылдңң сынығы, көненің көзі болған апамыздың өзі де енді міне, Ыбы­рай атамыздай қазынаға айналып отыр.

Қостанай қаласының қүрметті азаматы ретінде де жерлестері Мәриям апайды жақсы білетін.

Аяулы Мәриям апаға иман тілейміз. Жатқан жері торқалы болсын! Кейуанаға қадірлі өлім бүйырыпты. Артында жоқтайтын ел-жүрты, мүрагерлері бар. Қалдырған кітаптары — елдің игілігі. Өзіңнің соңында қалғандардың берік екенін біліп өткен де бақыттылық қой.

Қош бол, ana, сізді мәңгі есте түтамыз. Атыңызды байтақ еліміз мақтан етеді.

 

 

Балхаш ТҮРСЫНБАЕВ, Қостанай облысының әкімінің қызметін атқарған.





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Тіл мәселесі басты назарда
  • «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын орын ...
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Жыр жүректер соғуын тоқтатпайды


  • Добавление комментария



    Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!