Жасампаз дарын
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Мариям Хакимжанова | Просмотров: 7815 | автор: akimaltyn | 12-04-2010, 18:23 | Комментариев ( 0 ) | Печать
   Ғасырымызда қазақ поэзиясының жыр жұлдызы Шолпан Иманбаевадан соң толымды ой, толғанысты сырларын «өлең сөздің патшасымен» өрнектей келген Мэриям Хакімжанова қазақ поэзиясында ана жүрегінің — ана болғанда да, ақын — ана жүрегінің сырларын шерткен, жыр меруерттерін төккен, арманы асыл, жаны пәк, ары таза, тезімді де сезімді, тербеністі ақын еді.

Мәриям Хакімжанованың қай қасиетін айтып тауысарсың... Қаралы жылдарда сүйген жарынан айырылып, өмір бойы қасіретті болған тағдырына қарсы «түсауға кенбеген асаудай» алпарысқан жырлармен қайраттанып, өмір бойғы жалгыздығын дарынды өлең-жырларының ормандарымен қауыштырып сілкінетін еді...

Мені өмір бойы «Дихан» демей, «Дихаш, Дихаш» деп өтті. Алғашқы кездерде бү кісіні менен бірсыпыра жасы үлкен шығар деп жүргем. Кейінірек білдім, менен небәрі бір-ақ жас үлкен екен. Алайда о кісіні мен өмір бойы «Мәке» деп қүрметтедім. Сыйлап өттім. Қазір бағамдасам, Мәкеңнің мені «Дихаш» деуі де — ана жүрегінің үлылығын үсынуынан екен-ау. «Ана жүрегі», «Ана кектемі», «Ана махаббаты» деген өлендері де соны аңғартады.

Кешегі қанды қырғын Үлы Отан соғысы майданында қаза тапқан қазақ қызы — жайнаған көктем гүліндей жас Мәншүк Мәметова туралы Мәкеңнің «Мәншүгі» — қалың оқырманды біресе күйіндіріп, біресе сүйіндіріп отыратын тебіреністі дастан.

Қазақстан халық жазушысы Мэриям Хакімжанова, аяулы Мәкең — өрнекті өнегелі, еміршең поэзиясымен екінші емірі үзақ дарын. Жасампаз дарын.

      Жатқан жеріқ жақсы болсын, аяулы Мәке. Қош, қош.

 

 

Дихан ӘБІЛЕВ, Қазақстан халық жазушысы





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Тіл мәселесі басты назарда
  • «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын орын ...
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Ұлым Аян-Алиға сағыныш
  • Жыр жүректер соғуын тоқтатпайды


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!