Ұлттық педагогикамыздың ірге тасын қалаушы Ы.Алтынсариннің ағартушылық идеялары, ізгі ойлары, талғамы бүгінгі күні білім ошақтарында жалғасын тауып отыр. Оқушыны ынталандыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану – мұғалім тарапынан көп ізденуді қажет етеді. Апталық аясында мектебімізде шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық педагогтар слеті өтті. Бұл слеттің мақсаты жаңаша білім беру мазмұны барысында, педагогикалық тәжірибенің іске асуы. Ауданымыздың ең мықты мұғалімдерінің білім беру үрдісіндегі жаңа технологияларды қолдануы, білімге жаңаша мазмұн беруі барысында тәжірибе алмасты. Бұл слетқа ауданымыздың 9 мектебінен 11 мұғалім қатысты. Аудандық білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Кожахметова Клара Есмағанбетқызы қатысушы ұстаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етті.
Выдающийся просветитель, педагог, основатель первой русско-казахской светской школы в Казахстане, создатель алфавита на основе русской графики Ибрай Алтынсарин, родился 2 ноября 1841 года в Аракарагайской волости Николаевского уезда Тургайской области. Мать Айман из рода аргын, дочь бия Шегена. Отец Алтынсары Балгожин происходил из семьи рода «кипчак» (средний жуз) умер, когда Ибраю не исполнилось и четырех лет. Рано лишившись отца, воспитывался в семье деда, известного бия Балгожи Жанбурчина. Узнав об открытии в г. Оренбурге при пограничной комиссии специальной школы для обучения казахских детей (целью которой была подготовка писарей и переводчиков), Жанбурчин ходатайствует с просьбой принять в школу его девятилетнего внука Ибрая, и 1 августа 1850 года он в числе одиннадцати других казахских мальчиков был призван доктором Майделем годным к обучению.
Қазақтың ұлы педагог- ағартушысы, ақын, жазушы,этнограф жерлесіміз Ы Алтынсариннің туғанына 170 жыл толу құрметіне оқырмандарымызға ақындық айдарын ұсынамыз.
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. — Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисай-ып біткен? — деп сұрады баласы. — Оның себебі, балам, анау ағашты бағу- қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш ба-ғусыз, өз шығу қалыбымен өскен,—деді атасы.
Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жөшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты: — Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбендегі жә-шіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің? — Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым,— деді Бәтима.
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, бала-сына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші үсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.
Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың ба-басы бір күні шіркеуде түрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақақылы кемел патшасол бала-екеш балағада көзін салып тұрған екен. Тілек тілеп болған СОҢ, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады.