Ыбырай Алтынсарин » Страница 8
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 5492 | автор: akimaltyn | 24-05-2010, 15:18 | Комментариев ( 0 )
 СӘТЕМІР ХАН

Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалып-ты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағы-на қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда күлап түседі.Түра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет қүмырсқа және тырмысады. Ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді.

Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 6126 | автор: akimaltyn | 24-05-2010, 14:38 | Комментариев ( 0 )
ӨРМЕКШІ, ҚҮМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
— Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
— Көремін, өрмек тоқып жүр.
— Анау күмырсканы көремісің?
— Көремін, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 5731 | автор: akimaltyn | 21-05-2010, 18:24 | Комментариев ( 0 )
ҚАРҒА МЕН ТҮЛКІ
(И. Крыловтан)

Ашығып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға...
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалгыз карға.

Жүгуріп тулкі соған жетіп келді,
Карға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі екең сөйлей берді:

Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 5180 | автор: akimaltyn | 21-05-2010, 18:09 | Комментариев ( 0 )
ЕГІННІҢ БАСТАРЫ
(И.Крыловтан)

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрі-бері жүрді-дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.

Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кезі еді пісіп тұрған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.

Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 5302 | автор: akimaltyn | 21-05-2010, 18:01 | Комментариев ( 0 )
«ҚАЙЫРЫМДЫ» ТҮЛКІ

Бір мерген бозша кұсты атып алды,
Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды.
Басында бір ағаштың үш баласы,
Шырылдап ұясында жетім калды.

Ана жок таситұғын тамак, жемді,
Күн көрер бишаралар кайтып енді?
Шулаған балапанның даусын естіп,
Сөз сөйлеп аянышты түлкі келді.

Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 9332 | автор: akimaltyn | 20-05-2010, 20:34 | Комментариев ( 0 )
АНАНЫҢ СҮЮІ

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйкысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Категория: Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 6013 | автор: akimaltyn | 20-05-2010, 20:32 | Комментариев ( 0 )
ӘДІЛДІК КӨРМЕГЕН ҮШІН ТӨРЕГЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗ

Тақсыр-тақсыр дегізіп тамсандырдың,
Сөйтіп жүріп аяққа қан салғыздың.
Жан жүрмейтін ісіме жан алғыздың,
Ақырында малымнан құр қалғыздың!

Наверх
 
 
 
Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!