Қымбатты аудан тұрғындары!
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Объявления | Просмотров: 5205 | автор: akimaltyn | 26-08-2011, 12:10 | Комментариев ( 0 ) | Печать
    Сіздерді мемлекетіміздің басты мерекелерінің бірі – Конституция күнімен құттықтаймын!
   1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда еліміздің басты заңының қабылдануы Қазақстанның тағдыры мен болашағын айқындап берген маңызы зор тарихи оқиға болды. Еліміздің көп ұлтты халқы жаңа Конституцияға дауыс бере отырып Қазақстанның Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған бағытты қолдады.
   Конституцияның қабылдануы егеменді  Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Жаңа негізгі Заң нарықтық экономикалық әлеуметтік бағдардағы мемлекеттің құқықтық негізіне айналды. Нарықтық қатынастарға көшу  процесі біздің бәріміз үшін қиын сынақ болды, дегенмен біз Президентімізге сендік және біздің еліміздің болашағы үшін осы жолды бірге жүріп өттік. Бұл экономиканы реформалауға және елді тоқсаныншы жылдардағы дағдарыстан алып шығуға мүмкіндік берді.
    Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап аз уақыттың ішінде әлем картасында танымал мемлекетке айналды. Бұған ел Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделінің, оның уақыт ерекшелігін, өткенді түсіну және болашақты көре білу қабілетінің арқасында қол жеткізілді.
  Сіздерді Конституция күні мерекесімен құттықтай отырып,   ауданымыздың әр азаматына шын жүректен шынайы көңілмен бақ-береке, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық, дендеріңізге саулық  тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін!
Конституция күні құтты болсын!

Алтынсарин аудандық
мәслихатының хатшысы           Т. Құлмағамбетов





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Ертегі қала
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!