Скачать рефераты на казахском языке » Страница 3
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 7886 | автор: akimaltyn | 13-10-2010, 23:38 | Комментариев ( 0 )
Балдыр

Жазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз.Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды.Суды жасыл түске енгізетін солар. Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар,толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер - бұл балдырлардың шоғыры болып табылады.
Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп.Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі.Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да  бар.Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп,оның бетін түрлі түске бояйды.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 10302 | автор: akimaltyn | 27-09-2010, 00:58 | Комментариев ( 0 )
Бөгенбай батыр
(1690 - I778)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...
Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 9444 | автор: akimaltyn | 27-09-2010, 00:54 | Комментариев ( 0 )
Web-бет дизайны, HTML

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 9451 | автор: akimaltyn | 22-09-2010, 03:08 | Комментариев ( 1 )
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев
(1847-1920)

Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 6425 | автор: akimaltyn | 22-09-2010, 02:18 | Комментариев ( 0 )
Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 22699 | автор: akimaltyn | 22-09-2010, 02:05 | Комментариев ( 9 )
Шерхан Мұртаза – жазушы,
аудармашы, қоғам қайраткері


Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 7904 | автор: akimaltyn | 22-09-2010, 01:55 | Комментариев ( 0 )
Орталық Қазақстан

Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады...

Наверх
 
 
 
Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!