Скачать рефераты на казахском языке » Страница 5
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 11542 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:53 | Комментариев ( 2 )
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары

Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді.  ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 9986 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:37 | Комментариев ( 0 )
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар,  сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар  шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса,  онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 7702 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:33 | Комментариев ( 1 )
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 5819 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:30 | Комментариев ( 0 )
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК  ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
   
Зкирова Бағылан
10 «б»-сынып оқушысы
Ы.Алтынсарин атындағы  дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған қазақ гимназия-интернаты
Павлодар қаласы


Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың  көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 6912 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:28 | Комментариев ( 0 )
Мұртаза БҰЛҰТАЙ

АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ
ҚОҒАМ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ ДІН


Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 10371 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:23 | Комментариев ( 0 )
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие.

1.    Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.
2.    Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
3.    Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
4.    Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.

Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы
тәрбие және мектеп.

Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.

Категория: Рефераты на казахском языке | Просмотров: 5362 | автор: akimaltyn | 18-09-2010, 01:21 | Комментариев ( 0 )
КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫ
(1861-1925)

Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда қадағалап ұстап келген коммунистік саясаттың қанды торының үзілуі елімізге тың серпіліс әкелді. Өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық. Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен жаңаша пайымдаулар жасауға мүмкіндік туды.

Наверх
 
 
 
Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!