Поездағы кездесу....
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 2581 | автор: akimaltyn | 9-07-2012, 22:25 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Күрсінумен жүргенде өткеніме,

Ояттың-ау ойда жоқ сезімімді.

Бір вагонның ішінде адам толы,

Тағдыр өзі жазған ба кезігуді?!...

 

Алабұртқан жүзіңнен көзімді алмай,

Қарай бердім, періште өзің бе деп?!...

Қияқ қара қастарың жарасымды,

Бір мұң тұрды тұңғыйық көзіңде тек...

 

Қош айтысып Алатау, Алматымен,

От арбада қозғалды ышқынып ап.

Әңгімеге тарттым мен ақырындап,

Жанарыңнан жарқ еткен ұшқын ұнап.

 

Тым асығыс білемін, ұшқалақтық,

Шыдамадым, білдірдім сезімімді.

Үндемедің алайда ұзақ уақыт,

Сынағандай сол бір сәт төзімімді.

 

Сикундтарым сарғайған сағат болып,

Минут емес арада жыл өткендей.

Жүрек құрғыр торығып тоқтап қалып,

Аңда-санда жан кіріп дір еткендей.

 

Тіл қаттың –ау үлбіреп, үзілердей,

Мені қыйнай, сарылта күттіріп ап.

«Сөздерің балдай тәтті...» - деп, тоқтадың,

Олар сендей болалмас тәтті бірақ.

 

Тас кереңдей ештеңе естімедім,

Сезем бәрін тұрсың ғой сенде қалап.

«Менде саған сезімім жоқ...»-дейсің,

 Маған емес, жәудірей жерге қарап.

 

«Өміріме енбеші...» дедің маған,

Дауысыңнан дірілді танып тұрмын.

Қалай ғана енбейін сағым  болған,

Сол аруды дәл бүгін тауып тұрмын.

 

Құшағыма ап көп тұрдым, қозғалмадым,

Қозғалмадың алайда сенде бірақ.

«Қайталашы»,-деп едім,-«қарап көзге»,

Үндемедің , тұрдың сен жерге қарап.

 

Үлбіреген ерніңнен сүйдім қорқа,

Қысып тұрып нәп-нәзік қолдарыңнан.

Тәтті уақыт зыр етіп өте шығып,

Қыймай сені, қыйнала жолдадым ән.

 

Кете барды бұлдырай сағым болып,

Жүрегімнің лүпілі жиілеуде.

Орта жолда кездескен кербез ару,

Ойландырып түсіме жиі енуде...

 

Сағындырып, сарғайтып жанымды әркез,

Шықпай қойды ойыма кіріп алып.

Іздеп кеткім келеді мына әлемнен,

Алғаш келген поезға мініп алып...

 

 

Бөгенбаев Бауыржан Дастанұлы






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Ертегі қала
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!