Ауылдағы өркениет
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 2074 | автор: akimaltyn | 27-07-2012, 19:45 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Ауылдағы өркениет

 

Дәуірден көзін ашып дауылдатпа,

Бұл күнде кенелуде қауым баққа.

Ойпырым-ай, күллі ағайын қуанып жүр,

Ұялы телефон кеп ауыл жаққа.

 

Ел-жұрттың телефон бар бас-басында,

Қызықтап, құлағынан тастасын ба...

...Ерігіп кемпіріне «ызбандайды»

Бір көкем қой қамаған шашпасында.

 

Шамасы бір маңыз бар айғайында

(Е, мейлі, жұрттың тілін байлайын ба?)

Дегенмен көкеміздің бар айтқаны:

«Әй, кемпір, баратырмын, шай дайында»

 

«...Өзі бір кіп-кішкентай,

қаңбақ әрі,

Ішіне жоқ-ау бірақ салмағаны»,-

Деп көкем қарайды да телефонға,

Таңдайын тақылдатып, таңданады.

 

Тапқан соң ермектің де жаңа кейпін,

Бос кезгі қызықтырмай барады ұйқың.

Суретке қайта-қайта түсіріп жүр,

Ап-арық,

Жүнжіп кеткен жаман итін.

 

...Самалы өркендеудің өпті ме екен –

Бұл күні ауыл жұрты «соткылы» екен.

...Ақшасын (насыбайға қимаушы еді)

бірліктен аямайтын бопты көкем.

 

 

Жүсіпбеков Жандос






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Ертегі қала
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Ұлым Аян-Алиға сағыныш


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!