Ит үрген
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 2152 | автор: akimaltyn | 29-07-2012, 22:06 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Ит үрген

 

Бәрі «жұлдыз» -

өңкей әртіс,

кіл әнші.

Болмай қайткен – соларға көп ұраншы.

...Ақын жұрты сақасына өкпелі,

Мың иіріп, түсіре алмай бір алшы.

 

«Тайғақ кешіп», жүгі жолда мың ауып,

Теңселеді ақын жұрты,

сын

ауық

төбеге ұрса...

Сыбағасы сонда алар:

«Шеттеріңнен қияли һәм жылауық!»

 

Жылауық па?

(Күйдіруін қарашы)

Бәлкім, рас (хақын айтты ол, шамасы).

Жүрегінде сыздаса оның көрер ем

Науқас қоғам өзегінің жарасы.

 

Мият таппай ар ісінің ғұрпымен,

Мұзбалақтар тышқаншылап жүр кілең,

Мандымаған мансабының лажы үшін

Мүшәйра іздеп, газет-журнал тінтіген...

 

Әдебиет бағы бүгін –

құс үркек...

Туындылар – сия соры үшін тек.

...Әншілердің альбомы тұр саудада,

Ақындардың кітаптарын мүсіркеп...





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Ертегі қала
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Ұлым Аян-Алиға сағыныш


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!