Ильясова Ботагөз Айдынқызы
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 3961 | автор: akimaltyn | 30-07-2012, 21:40 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Ботагөз бастауыш сыныптан бастап өлең жазады. Қостанай қаласындағы №10 орта мектептің 10 сынып оқушысы. Қалалық, облыстық «Абай оқуларының» жүлдегері

 

Болмасын соғыс

 

(Жеңістің 65  жылдығына арнау)

 

Байтақ елдің  тынышытығы  бұзылды,

Зұлым соғыс көп  уақытқа созылды.

Бұл өмірден бейхабар сәбидің,

Қыршын  жастың ғұмыр жасы  үзілді.

 

Түн   түндігін  түріп  ашып оянды,

Сол  жылдарда дала қанға боялды.

Талай  жанның  ғұмырлары  үзілді,

Талай жанның өмір  гүлі  солғанды.

 

Ұлы   елім  еркіндігін  жырлады,

Құрбан болды  алып  батыр  ұлдары.

Рақымжан  мен  Талғат сынды ағалар,

Алдияры, қазағымның  сұңқары.

 

Жанды  еңбегің, жеңіс күні тойланды,

Ерліктерді  ұрпағың  әр кез  ойға  алды.

Елім, жерім, ертеңім-деп жан берген,

Аталарға  ескерткіштер  қойғанды.

 

Сиынарым  сенсің Отан  мәңгілік,

Бар  тарихың  тұрар  әркез  жаңғырып,

Тіршілік  жоқ  бір өзіңсіз  біздерге.... .

Гүлдей құлпыр, жаса   елім  мәңгілік!!! 






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Ертегі қала
  • Азатықтың ақ таңы
  • Қымбатты аудан тұрғындары!
  • Құрметті Қабдолла Қабдолсейітұлы!


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!