Қарағұлова Наргүл Қайратқызы
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 2988 | автор: akimaltyn | 8-08-2012, 23:43 | Комментариев ( 0 ) | Печать
1178;ара1171;1201;лова Нарг1199;л 1178;айрат1179;ызыНаргүл Қарағанды қаласында дүниеге келді. Киелі Торғай жерінде өскен. Ақындыққа тоғыз жасында қызығушылығы оянды. Облыстық газеттерде көптеген өлеңдері жарық көрді, облыстық, аудандық айтыстарға қатысып жүр. «Абай, Шәкәрім шығармалары» байқауының жүлдегері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік кешегісі мен бүгіні

 

    Тәуелсіздік-барша жұрттың қалауы,

   Тәуелсіздік-бар тарихтың тарауы.

   Бәріненде бұған куә,нақ дәлел,

   Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

 

   Тәуелді боп күллі қазақ аймағы,

   Колбинді де басшы қылып  сайлады.

   Тоқыраудың боданында болғанға,

   Жастарымның ар-намысы қайнады.

 

   Шықты алаңға намыс үшін жастарым,

   Тікті алаңда шындық үшін бастарын.

   Сол жастардың санасында ту болған,

   Боданында болмау еді басқаның.

 

   Бірақ бұған Колбин мүлдем саспады

   Ұлтшылдық боп айтар сөздің астары.

   Ұрып-соғып жастарымды аямай,

   Қоқыс етіп,сыртқа апарып тастады.

 

   Жастар болар желтоқсанның тарланы,

   Ал солардың арзан болды-ау қандары.

   Ербол,Қайрат,Сәбира мен Ләззаттың,

   Түрме ме еді аңсағаны,арманы.

 

  Желтоқсанның ақиқаты ап-анық,

  Тарих-терең,әлі ашарсың қопарып.

  Желтоқсанның небір сұмдық, шындығын,

  Жырлап әлі жаза берер Шаханов.

 

  Шебер ғалым атқарып іс қарымды,

  Астанада төрден алған орынды.

  Тәуелсіздік бейнелері әрленген,

  «Қазақ елі» монументі салынды.

 

  Соқпағыңды жатыр бүгін сан ұғып,

  Тарихыңнан жатпас ұрпақ жаңылып.

  Елімнің тұр тыныштығын күзетіп,

  Алтын түстес алып құсың «самұрық».

 

  Тәуелсізбіз,еркін елміз дамыған,

  Талай құрбан кетті осыны сағына.

  Еркіндікті қолдап жұртқа паш еткен,

  Бас иеміз конституция заңына.

 

  Кім татпаған,өткен күннің кермегін,

  Қазақ елі алға қолды сермедің.

  Тәуелсіздік кешегісі,бүгінін,

  Жырлай берем таусылғанша бар демім!






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Ертегі қала
  • Қымбатты аудан тұрғындары!
  • Құрметті Қабдолла Қабдолсейітұлы!
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!