Нұрқанат Құлабаев
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 3330 | автор: akimaltyn | 14-08-2012, 07:58 | Комментариев ( 0 ) | Печать
Н1201;р1179;анат 1178;1201;лабаевНұрқанат 1971 жылы дүниеге келген. «Тәңір түсі» атты жыр жинағының авторы. Қазір А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан

 

Қазақстан!

Сақ пен Ғұнның, Түркінің,

Түрлендірген

Ұлы жолын ілкі күн.

Қазақстан

Қабылан сынды қабақта

Қасып тұрған жарасының тыртығын.

 

Қазақстан!

Ұлы тарих көшінен,

Ардың жүгі – алған сенің несібең.

Адамзатты аттандырдың ғарышқа,

Тұңғыш рет Жер-Ананың төсінен.

Қазақстан!

Тыныштықтың тірегі,

Достық атты ұлы күштің жүрегі.

Қазақстан!

Сені әлем бүгінде

Бейбіт күннің бесігі деп біледі.

 

Қазақстан!

Кең даланың сәні - бұл,

Кең даламның қауызы – гүл, қалыбы – үр.

Қазақстан!Жүз жиырма ұлтқа бір кеме,

Бір кемеге мінгендердің – жаны бір.

Қазақстан!

Түні – арай, таңы – нұр,

Қазақстан!

Әр қазақтың ары – бұл.

Әр қазақтың шырылдаған жаны – бұл,

Дархандық пен тектіліктің тағы – бұл,

Бақ пен байлық, берекенің бағы – бұл,

Сан ұлттардың тағдыры бір, дәмі бір,

Мақтанышпен айтатұғын әні – бұл!

Қазақстан!






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Ертегі қала
  • Қымбатты аудан тұрғындары!
  • «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын орын ...
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!