Құралай
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 4301 | автор: akimaltyn | 16-08-2012, 07:23 | Комментариев ( 0 ) | Печать
Қара сұр аспан қабағы қатқан сұр қала,

Қаралы көңіл – құлазып тұрған қу дала.

Қаралы қайың қаралы көше шетінде,

Қабарып тұрған қарайды жерге мұңдана.

 

Нарт көңілдерді нәуетек етті нала күз,

Нараду көңіл, көкірек – көк тас, сана – мұз.

Біз сені бүгін, біліп жатсың ба, қара қыз,

Бақи сапарға шығарып салып барамыз.

 

Аққу қанатты армандарыңды тұл етіп,

Дір етіп барып, өткен жарықсың зу етіп.

Беу дүние, бейнең беймезгіл қалды беткейде,

Бейіттің бейбіт тыныштығын ғана күзетіп.

 

Тоқтады-дағы құлпынай ғұмыр тірлігің,

Сызатқа барып байланды мәңгі кіндігің.

Күннің нұрына ғашықпын деуші ең, күн нұрын,

Қара жер енді қалқалап сенен тұр бүгін.

 

Қарашығыңа қадала қалған нұр-арай,

Шытынап барып шарт сынған қалай шыдамай.

Жылауда бәрі…

Сен ғана жатсың, жыламай.

Тұршы, Құралай!

 

 

Нұрқанат Құлабаев






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Үнсіздік
  • Ертегі қала
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • Есімдерің мәнгілік сақталады


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!