Үнсіздік
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 2820 | автор: akimaltyn | 16-08-2012, 07:25 | Комментариев ( 0 ) | Печать
Үнсіздік… ұлы ғалам!

Қайтсем сенің сырыңды ұғына алам.

Дыбысы жоқ сиқырлы саз келеді,

Құлағыма құйылып құбыладан.

 

Үнсіздік…

Сиқырлы саз.Ұлы әуен!

Тылсымыңның тәнтімін сырына мен.

Әттең, бірақ айқайлар арасынан,

Еміс-еміс жетеді үнің әрең.

 

Айқайға сап көп пенде шыр айнала,

Бар болғырлар, алмайды-ау түк ойлана,

Бүкіл әлем бір күнде көшсе-дағы,

Үнсіз тұра алатын Құдай ғана.

 

Айқайлар. Даурығады. Сыры мәлім,

Кім білсін, қайда барып ұрынарын.

Мен мәңгі үнсіздікке бұрыламын

Тынығамын, бір нәрсе ұғынамын.

Мені өзіңе саялат, салқар сазы,

Күннен үнсіз төгілген шұғыланың.





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Тәңір түсі
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • Әкеге сағыныш


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!