Алаштың жері киелім!!!
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 2203 | автор: akimaltyn | 20-08-2012, 21:44 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Алаштың жері киелім!!!

 

Қаһарын қаңтар танытып,

Шытынайды аспан шаңытып.

Маңдайдан ызғар ұрса да,

(болар ма қайсар мұнша ма?!)

Тезегі жалғап өзегін, 

қимаған жатқа өз елiн –

тобығындай-ақ түйенiң,

бiр құс бар өжет, киелi!

 

Қара бұлт келiп құрсады,

Ұрғылап  өттi бұршағы,

Түте боп жүнi таланып,

Тобылғы түбiн пана ғып,

Бүрісіп жатты үрпиіп.

Басына бейнет-бұлт үйіп... 

Табиғат сонша қинады,

Сонда да ол жерiн қимады.

 

Кербала-ернi кезерiп,

Қан-сөлi қаша безерiп,

Аждаһа лепті-аптабы,

Жалындап жанын қақтады.

Далада құты жұтаған,

Таппаған пана бұтадан –

Құдiретi алыс қорғайтын,

Ол құстын аты - торғай-тын. 

P.S

Қырау боп құрса, ызғар боп,

Бұршақ боп төпе, мұз, қар боп,

Дауыл боп итер кеудемнен,

Шілде боп қақта, шеңгелдеп,

Түспесiн мейлi мейiрiң,

Жеткенше жерге иiлiп -

Алаштың жері, киелiм,

Торғайша сенi сүйемiн!





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Құралай
  • Ертегі қала
  • Нұржан Наушабаев
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • Ұлым Аян-Алиға сағыныш


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!