Ұлым Аян-Алиға сағыныш
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 5752 | автор: akimaltyn | 3-09-2010, 02:09 | Комментариев ( 0 ) | Печать
Шырылдаған дауысыңнан айналдым-ау, құлыным,
Езу тартып, күлімдеген жанып тұр-ау көздерін.
Көз алдымда жүзін толқып, жайын таппай жүрегім,
Жалынумен, саулығынды бір Алладан тіледім.

Күтуменен жүрсін бе сен, көргін келіп көре алмай,
Тыным таппай жүрсін бе сен, тілден бір сөз қақтырмай.
Жалғыздықты сезбесін деп, үміт арттым туғанға,
Тұла бойым күйіп барады, шоқ салғандай жаныма.

Судай таза, аппақсын сен, айдыңдағы аққудай,
Сезімін пәк, жанын ыстық, лаулап жанған шырақтай.
Алыстарға барғайсың  сен, таудың биік шыңындай,
Қолым жетпей  жүрмін ғой мен, маңыраған қозыдай.

Айтарым сол!  ұлым менің, тіл мен көзден сақ болғай!
Ақылым көп айтылмаған, біле-білсең сен тыңдай.
«Басар жолға абайлап бас!» Өмір жолы- терең сай,
Бұлақтың да беті таза, кейде түбі болады лай.
 

Тайпақова Әлия Есенжолқызы
Жанасу ауылы





Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Әкеге сағыныш
  • Стихи Ыбырая Алтынсарина


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!