Ыбырай ескерткішіне
 
Информационный сайт Костанайской области
 
Радио Рассвет

    Добавить объявление                    Все объявления




Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 927 | автор: akimaltyn | 29-11-2011, 21:18 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Күтіп ем,

Аңсап едім бұл күнді мен,

Қостанай, атырабын сүйсіндірген.

Атамның ақ бейнесі қарсы қарап,

Өңіме қызыл шырай, күлкім кірген.

Е, бәсе, ел ардағы сен едің ғой,

Арыстай Арқадағы бел едің ғой,

Сенді ел сенің бір күн шығарыңа,

Жан тегі әділ іске сенеді ғой.

 

Ғажап-ау, Ыбеке, осы мықтылығың,

Жарқырап тағы қайта шықты күнің,

Басыңнан сырып тастап уақыт жүгін,

Тапжылмай тас тұғырда тұрсың бүгін.

 

Бір перзент өзіңдей-ақ іс атқарсын,

Іріге айтқыш келер ұсақтар сын.

Осынау тұрысыңмен, ірі ісіңмен

Келешек ғасырларды құшақтарсың.

 

Осы елге данасың да, баласың да,

Жоқ, бірақ бересің де, аласың да

Мәңгілік жомарттықтың белгісіндей

Қасқиып қарсы қарап қаласың да!

 

Өсті ғой тағы бойың ерек бүгін,

Азамат, алғырлығың, зеректігің,

Жарайсың, кейбіреуге сен ұқтырдың,

Елдің де ерін сыйлау керектігін.

 

Мен ырза, елдің мен де бір ұлымын,

Арқалап келіп жеткен жырын бүгін.

Бір сәтке елдің рухы көтерілсе,

Есіме түсіп кетер құлын күнім.

 

Тізесін алдында тұр бүгіп халық,

Өзіңе көз жанарын тігіп халық.

Құрметтеу өткендерді ғажайып іс,

Тек осы құрметтеуді ұмытпалық!

 

Осынау ұнай қалды тұрыс маған,

Қалпыңды суретші де дұрыс салған!

Әрқашан келгенімде бас имесем,

«Бәтуәсіз бәтшағар»,- деп ұрыс маған.

 

Қайттық қой қайта орнатып бір шынарды,

Көңілдің, құлақтың да құршы қанды.

Өзіңнің туып-өскен топырағыңда

Қасқиып, қайран атам, тұршы мәңгі!




Источник: altynsarin.ru



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Webmoney в Костанае


Другие новости по теме:

  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • Тіл мәселесі басты назарда
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Есімдерің мәнгілік сақталады
  • Ұлым Аян-Алиға сағыныш
  •  (голосов: 0)


    Добавление комментария



     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2011. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!