«Қатал тағдыр»
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 6083 | автор: akimaltyn | 5-02-2010, 08:31 | Комментариев ( 0 ) | Печать
«Қатал тағдыр»

Тағдырдың қаталдығын мен ұғынам,

Тәңіріме де «жылатпа» деп жалынам.

Өмір жолы жазылған соң маңдайыма,

«Маған Бақыт керек»-деп мен қалай айтам?

Тағдырымның жазғанына көнем де үнсіз,

Қиналып жүрген күндер қалар мінсіз.

Жанымның қарасы да, жарасы да,

Ем тауып, сауығар деп сенем сөзсіз.

Өмірдің ащысы бар, тұщысы бар,

Кезекпенен жүретіні анық маған.

Ащысы кеп, алдыма келсе бүгін,

Ертеңгісі қуалап барар саған.

«Сөз сүйектен өтеді» дейді-ау қазақ,

Сөзге қалсаң боласын елге мазақ.

Бір масаның шаққаны дұрыс екен,

Сөзбен шаққан одан да ауырырақ.

Тағдырдың қаталдығын сен де ұғын!

Өмірлік ұранынды ұстай білгін!

Адамзат боп келгесін бұл өмірге,

Басқалардың тағдырын сыйлай білгін!

 

Тайпақова Әлия Есенжолқызы.

Жанасу орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Тіл мәселесі басты назарда
  • Діни бірлестіктерімен байланыс бойынша Кеңес
  • СЕҢБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
  • Ұлым Аян-Алиға сағыныш
  • Әкеге сағыныш


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!