Главная > Стихи пользователей > Сырбай ақынға...

Сырбай ақынға...


20-08-2012, 22:15. Разместил: akimaltyn
 

Сұңғыла жырды жазыпсың,

Сыртыңа теуiп от-жалын.

Сөздерiң елге азық шын,

Суырылып, тарттың ат жалын!

 

Санаға тоқып, қайралған,

Сыршылын шығыс, батыстың.

Сескенбей қанды майданнан,

Соғысқа да қатыстың.

 

Сезiмi - алау жасыннан,

Сыйлапты Тәңiр таланды.

Сүйiп те өстiң жасыңнан,

Сексеуiлдi далаңды.

 

Сәуле-жыр төгу – сол мақсат,

Саралап ойды - гүл-бақты.

Серке жырың жол бастап,

Сүйсiнтер бiздей ұрпақты!

 

Сиқыр сөз өрген ғұлама,

Сел - тасқындай молайдың.

Суын iштiң, Сыр аға,

Сырдария мен Торғайдың.

 

Саған тартып ұланың,

Салмақты жырды құрадым.

Сенiң жырың, өр аға,

Самалы сынды Тұранның!

 

Сағынады ел сенi,

Сар далаң тұрар ән қылып,

Сұлу сөздiң семсерi -

Сырбай жасар мәңгiлiк!


Мұратбеков Алмас Фархатұлы


Вернуться назад