Жүсіпбеков Жандос
 
Региональный сайт Костанайской области
 
Категория: Стихи пользователей | Просмотров: 5832 | автор: akimaltyn | 27-07-2012, 00:23 | Комментариев ( 0 ) | Печать

Ж1199;сіпбеков Жандос


Ауылға барғанда

 

Ауыл келдім.

Бола тұра көп құрбым,

Жақсы таныс қарт үйіне бет бұрдым.

Бәлен келіп, соқпай жүрген атама

Сәлем беріп кетсем бе деп кеп тұрмын.

 

«Жүгермегін» көрсе жаны жібіген,

Уай, мына шал танымай ма-ей шынымен?

-             Әй, сен әлгі кәзит жазып жүр деген

Балғынбектің қаладағы ұлы ма ең?

 

Атың кім ед?

(Ұмытқан ба? Е, мейлі...)

-             Жандоспын ғой

-             Өй, жарқыным, не дейді?!

Жымиғанда – жүзіндегі байғұстың

Жүз қыртысы мың қыртысқа көбейді.

 

-             Әкел бетті!

Ержетуін перінің...

(Бұл шал өзі сөйлейтін-ді кері кіл)

Күн қаппаған айнатаза бетіме

Былжақтаған жабыстырды ерінін.

 

-             Ай, қарғам-ай, біздің жадтан не қалды...

Өнебірсет тәмамдаған сен... әлгі...

-             Ия, ия...

Өзің, ата, қалайсың?

-             Ой, бұрынғы қауһарымыз жоғалды.

 

Көзім алды бұлдыратып тұрады,

Кем естіп жүр құрып қалғыр құлағы...

...Содан кейін, әдетінше, қария

әңгімені саясатқа бұрады.

 

-             «Ойбай, ғажап болдық» дейді –

Бәрі алдан!

Көз ашпаймыз көз қыстыдан, қанаудан.

Бәрі естіген Пірзиденттің бұйрығын

Тәңәнәлет, тыңдамай жүр әлі аудан.

 

Бірінен соң бірі әкім боп кіл қыртың,

Тексіздердің бәріне ортақ бір құлқын...

(Бұл шал өзі жадау кейіп ауылдың

Айыпкерін аудан санар тұрғын-тын).

 

-             Уот, заман ед біздің заман бұрынғы!

-             Ім-м-м,-деймін де, тістей берем тілімді...

Беске білем дей алмаймын бұл шалды,

Білетінім – жақтамайды бүгінді.

-             Кәзитіңнің жазатыны аз қарық қып,

Оқысаң – жұрт жатпағандай налып түк...

Мақаламды талдайды енді, қоншынан

Жыртындыны алып шығып жарықтық.

 

...Үнсіз қалса – етпей жүрген жайлы ішін,

Жанарынан байқап тұрам қайғысын.

Әлсін-әлсін төс қалтасын тінтілеп,

сағатына көп қарайды байғұсым.

 

-             Қой, қайтайын, күн ұяға қонды, - деп,

кетерімде көзінде жас мөлдіреп:

-             Қош бол!-деп ед, маңдайымнан иіскеп.

...Сол жолы оны көрген екем соңғы рет...






Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Регистрация на сайте! Забыли пароль?

Другие новости по теме:

  • Ертегі қала
  • Ильясова Ботагөз Айдынқызы
  • Азатықтың ақ таңы
  • Қымбатты аудан тұрғындары!
  • Құрметті Қабдолла Қабдолсейітұлы!


  • Добавление комментария



  • Наверх
     
     
     
    Copyright Altynsarin.ru © 2008-2013. При любом использовании материалов гиперссылка - www.altynsarin.ru обязательна!